Алматыда коронавирус жұқтырған дәрігерлердің саны 218-ге жетті

health-kz.com
health-kz.com
Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық өңдеу жұмыстарына жабылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бүгінде Алматыда індетті жұқтырған медицина қызметкерлерінің жалпы саны 218-ге жетті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Олардың 182-сі Орталық қалалық клиникалық ауруханасының мамандары. 30 қызметкер - Қалалық балалар клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының, 2-еуі - шұғыл медициналық жәрдем станциясының, 1-еуі - № 1 Қалалық клиникалық аурухананың қызметкерлері. Сондай-ақ № 11, 32 және 12 қалалық емханаларында КВИ-ге шалдыққан бір-бір медицина маманынан анықталды.

Орталық қалалық аурухана дезинфекциялық өңдеу жұмыстарына жабылды.

Новости партнеров