Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан
Air Astana әуе компаниясының Қанат Сиденғалиев пневмониядан қайтыс болды. Өкпесінің 75 пайызы ауруға шалдыққан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ұшқыштың ұлы Мұстахим Сиденғалиевтің айтуынша, Қанат Сиденғалиев кеңестік кезеңнен бері ұшып бастаған. Өмірінің 36 жылын әуеде өткізгенін айтады.
Соңғы жылдары Қанат Сиденғалиев «Эйр Астана» компаниясында жұмыс істеген, Airbus А-320 экипажының капитаны болған.
Ұшқыш соңғы рейсінен келген соң жағдайы нашарлаған. Дене қызуы 38 градусқа дейін көтерілген. Ұлының айтуынша, ауруханада жатқанымен, дәрігерлер оған көмектесе алмаған. Салдарынан 3 шілдеде Қанат Сиденғалиев 57 жасында дүниеден өтіпті.