Алматыға әлемнің түкпір-түкпірінен нейрохирургтар жиналды

28.06.2019 20:23

Биыл жыл басынан бері 500 операция жасалған

Орталық клиникалық ауруханада нейроваскулярлы курс басталды. Халықаралық конференцияға ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов келді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Ауруханаға жылда 250 шамасында операция көлемі бөлінсе, былтыр біз 500 операция жасадық. Ал биыл жыл басынан бері жарты жылда ғана 500 операция жасап үлгердік. Жылдың аяғына дейін бюджеттен қосымша ақша босайтын болса, біз қосымша 150-250 операция жасауға дайынбыз», – деді «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Мыңжылқы БЕРДІҚОЖАЕВ.

Үш күндік шара аясында артериовенозды мальформация диагностикасы және оны емдеу жолдары талқыланады. Сонымен қатар емдеу мекемесінің дәрігерлері 10-нан астам ота жасап, оны келген дәрігерлер онлайн түрде бақылап отыра алады.