Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы тағы да орташадан 2 есеге көтерілмек
Медицина қызметкерлері мен әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы мамандардың жалақысы бір жыл ішінде 32 пайызға өскен, деп хабарлайды Almaty.tv.
2020 жылы орташа айлық 197 мың 400 теңге болған. Бұл көрсеткіш 2019 бен салыстырғанда 32,1 пайызға артық.
Айта кетейік, осы нәтиже 2015 тен бергі ең жоғары жылдық өсім болып саналады. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша 2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысы тағы да орташадан 2 есеге көтерілмек.