Адамға алғаш рет доңыздың бүйрегі салынды

ашық дереккөз
ашық дереккөз
Ағза жасанды тыныс алу аппаратында жатқан, миы өлген әйел адамға салынған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

АҚШ-тағы NYU Langone Health медициналық орталығының дәрігерлері әлемде алғаш рет адамға доңыздың бүйрегін трансплантациялады, деп хабарлайды Almaty.tv  тілшісі baq.kz сайтына сілтеме жасап.

Ағза жасанды тыныс алу аппаратында жатқан, миы өлген әйел адамға салынған. Организм ағзаны қабылдамау қаупін азайту үшін дәрігерлер генетикалық түрлендірілген жануарды қолданған.

Эксперименттік операция аясында хирург мамандар доңыздың бүйрегін денеден тыс ірі қантамырларға бекітіп, оны 54 сағат бойы бақылаған.

Мамандардың айтуынша, бүйрек қалыпты жұмыс істеген: қалдықтарды сүзіп, несеп бөлген. Зерттеуге жетекшілік еткен трансплантолог Робет Монтгомери дәрігерлер тобы ағзаның бүйректі қабылдамауын байқамағанын алға тартты. Сондай-ақ ол реципиентте бұрын байқалған шектен тыс креатинин деңгейі трансплантациядан соң қалыпқа келгенін айтты.

Новости партнеров