Алматыда бір ай бойы жылжымалы медициналық қызмет көрсетіледі

29.07.2019 21:04

Онда терапевт, педиатр, кардиолог және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізеді

Алматыда бір ай бойы аудандарда сапалы медициналық қызмет көрсететін мобилді топтар жұмыс істейді, деп жазды қала әкімі  Twitter парақшасында.

«1 тамыздан бастап бір ай ішінде аудандарда сапалы медициналық қызмет көрсететін мобилді топтар болады. Жылжымалы кешендер тұрғындарды қарау үшін қондырғылармен жабдықталған. Терапевт мамандары, педиатрлар, кардиологтар және басқа да білікті дәрігерлер қабылдау жүргізеді», - делінген хабарламада.