Алматыда жаңа перинаталдық орталық салынды

01.12.2023 21:12

Бұл туралы Қанат Сухамбеков мәлімдеді

қала әкімдігінің баспасөз қызметі

2023 жылға арналған денсаулық сақтау саласының бюджеті 1,2 млрд теңгеге ұлғайтылды. Қаражат қолданыстағы медициналық мекемелерді жөндеуге және жаңаларын салуға бағытталады, бұл туралы мәслихаттың кезектен тыс XI сессиясында қаржы басқармасының басшысы Қанат Сухамбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Ұзақ уақыт ішінде алғаш рет 4 денсаулық сақтау нысаны күрделі жөндеуден өтеді. Бұған бюджеттен 600 млн теңге бөлу қажет», – деп атап өтті Қанат Сухамбеков.

Қазіргі уақытта Қарасу шағынауданында отбасылық-дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталуда. Ол пайдалануға берілсе Алатау ауданында тұратын 5 мыңға жуық адам алғашқы медициналық көмекпен қамтылатын болады.

Сонымен қатар Дарабоз шағынауданында 200 төсектік перинаталды орталық салу және Бегалин көшесіндегі «Жанұя» арнайы кешенінің ғимаратына қосалқы нысан салу жоспарланған.