Алматы дәрігерлері 9 күн ес-түссіз жатқан ер адамды аман алып қалды

03.12.2021 22:08

Қазіргі таңда пациенттің денсаулығы толығымен тұрақтанып, ешкімнің көмегісіз қозғала бастады

ашық дереккөзі

Дәрігерлер ес-түссіз күйде 9 күн жатқан ер адамның өмірі үшін күресті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ОҚКА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 18 қарашада қатты ауыр халдегі, 67 жастағы ер адам ессіз күйде жеткізілді. Интубация қаралып, ӨЖЖ аппаратына қосылды және шұғыл түрде реанимация бөлімшесіне емделуге жатқызылды. Қойылған диагноз- мишықтың сол жақ сыңарының инсульты, ишемия мөлшері 5х4 см. құрады. Стационардың реаниматологтары 9 күн реанимация бөлімшесінің қабырғасында пациенттің өмірі үшін күресіп, барлық қажетті диагностикалық және емдік шараларын жүргізді.

Инсульт бөлімшесінің меңгерушісі Азиз Исмаиловтың айтуынша, трахеостом туралы мәселе көтерілді, дегенмен, науқастың хал-жағдайы жақсарып, экстубация жүргізілді және ер адамды өз бетімен тыныс алу арқылы өзіндік тамақтану сатысына ауыстырылды. 26 қарашада ер адам инсульттық бөлімшесіне ауыстырылып, онда бір апта жатып денсаулығы жақсара бастады. Осы уақыт бойы пациентке ертеден оңалту қаралып, неврологиялық тапшылығы шағын мөлшерге түсе бастады. Пациенттің денсаулығы толығымен тұрақтанып, ешкімнің көмегісіз қозғала бастады. 

«Бүгін науқасты үйіне шығарды, ер адам өзін жақсы сезінеді, өз бетімен қозғалады.  Сөйлеу жағынан ақаулықтар анықталмады», – деді дәрігер. 

Сарапшы пациенттің хал-жағдайы нашарлаған жағдайда дер кезде дәрігерге бару керек екендігін тағы да айта кетті

«Біздің халық өзі жазылып кететіндей, ауруханаға барғанды ұнатпайды. Бірақ бұл олай емес екенін түсінгендері жөн. Адам ауырған кезде бірден жедел жәрдемді шақыру қажет», – деп түсіндірді Азиз Исмаилов.