Коронавирустан қанша жүкті әйел қайтыс болғаны белгілі болды

aidsmap.com
aidsmap.com
Бұл наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі статистика
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде коронавирустан 40-қа жуық жүкті әйел көз жұмған. Бұл наурыз айынан бүгінгі күнге дейінгі статистика. Ал балалар арасында өлім-жітім болған жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның сөзінше, қазір қауіпті індетті жұқтырған жүзден астам бала ауруханада ем қабылдауда. Анықталғаны, олар инфекцияның өте жеңіл түрімен ауырып жатыр.

«Баланың шетінегені туралы статистика жоқ. Бірақ жүкті әйелдердің арасында статистика бар. Коноравирус жұқтырып, пневмониядан қайтыс болған. Жүкті әйелдердің ішінде 40-қа жуық, 40 адамдай қайтыс болды», – деді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният.

Ал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус пен пневмониядан үй және амбулаториялық деңгейде емдеу хаттамасына тегін бес дәрі енгізілгенін жеткізді. Бұл адамдардың нарықта осы препараттарды іздеп кетпеуі үшін қолға алынған шара екенін түсіндірді. Айтуынша, қазір емдеу хаттамалары енгізілуде. Науқастардың ауруханаға бармай, емді үйінде ала алатындай, жеткізу мәселесі пысықталып жатыр екен.

«Нақтырақ айтқанда амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамту тізіміне ыстық түсіретін препараттардан «Парацетамол» мен «Ибупрофенді», антикоагулянттардан «Ривароксабан», «Апиксабан» мен «Дабиготранды» енгізу көзделген. Бөлшектік сауда үшін біз Ресей мен Үндістаннан 6 әуе рейсін орындадық. Қазақстанға 4 млн қаптама дәрі жеткізілді», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Новости партнеров