Таңертең ауруханаға төрт адам түскен еді
Қытайдан келген тағы алты адам Қазақстанда ауруханаға жатқызылды, осыған дейін ауруаханаға түскен екі адам үйіне жіберілді. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Таңертең ауруханаға төрт адам түскен еді. Оның екеуі амбулаториялық көмектен соң үйіне жіберілді. Дәл қазір Алматыда бір адамның ауруханаға түскені туралы хабар жетті. Ақмола облысында бір отбасы (бес адам) ауруханаға түскен. Олар Қытайда болған, барлығында қатты респираторлы вирус белгілері бар, ал екі баланың дене қызуы көтерілген. Отбасының ересектерінде айтарлықтай жұқпалы ауру жұқтырудың белгілері байқалмайды, бірақ олар байланыста болған соң, оларды да ауруханаға жатқызы. Бес адам ауруханаға түсті», - деді Бекшин. Медициналық мамандар, оның айтуынша, 6 қаңтардан бері Қытайдан Қазақстанға келген азаматтарды анықтап жатыр.
«Біз бүгін 6 қаңтардан бері ҚХР-дан келген барлық шетел азаматтарын анықтадық. Біз барлығымен байланыстамыз, медициналық қызметкерлер байланысып жатыр. 6 қаңтардан кейін ҚХР-дан келген барлық азаматты, әсіресе соңғы 14 күн ішінде емханаларға барып, 14 күн бойы тұрақты медициналық бақылау үшін есепке тұруды сұраймыз», - деді Бекшин. Қытайдан ұшып келген қыз Нұр-Сұлтан ауруханасына жатқызылды Біртанов ауруханаға жатқызылғандардың барлық қажетті қан сараптамалары алынғанын айтты.
«Үш тәулік ішінде егжей-тегжейлі диагностика жүргізіледі. Тиісті терапия басталды», - деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрі. Осыған дейін Қытайдан келген төрт адам ЖРВИ күдігімен Қазақстанда ауруханаға жатқызылғаны туралы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты.