Хостелдегі өрттен зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілуде

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі
Төрт адамға алғашқы хирургиялық емдеу жүргізілді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыдағы хостелде өрт кезінде зардап шеккендерге кешенді медициналық көмек көрсетілуде, деп хабарлайды Аlmaty.tv. 

Шәріпов көшесіндегі хостелде өрт салдарынан зардап шеккен 5 адамға медициналық көмек дәрігерлер қойған диагноздар аясында толық көлемде көрсетілуде, деп хабарлады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Шаметеков ӨКҚ брифингінде.

- Зардап шеккен төрт адамның жараларына алғашқы хирургиялық емдеу көрсетілді: эвакуация кезінде бұл азаматтардың денесінің түрлі бөлігі зақымданған. Оларды жедел жәрдем бригадасы тексеріп, ауруханаға жеткізді. Сондай-ақ бүгін тағы бір науқас газдан улану диагнозымен токсикология бөліміне жатқызылды. Жағдайы орташа ауырлықта, есін жиды және оған ем толық көрсетілуде, - деді Иран Шаметеков.

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен соң зардап шеккен төрт адам амбулаториялық емделуге үйлеріне жіберілді.

Шәріпов көшесіндегі өрт салдарынан 13 адам қаза тауып, 5 адам зардап шекті. Хостелде барлығы 72 тұрғын болды, олардың 12-і студен. Хостел тұрғындары арасында кәмелетке толмағандар жоқ.

Оқи отырыңыз: Алматы әкімдігі өрттен қаза тапқан қазақстандықтардың отбасына 1 млн теңгеден бөледі

Новости партнеров