Іс-сапары барысында министр палаталар мен реанимация бөлімшелерін аралап, науқастарға қандай ем-шара тағайындалғанын тексерді
Еліміздің денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Жамбыл облысындағы жарылыстан зардап шеккендердің қал-жағдайын білу үшін Тараз қаласындағы Көпбейінді қалалық ауруханаға арнайы барды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-сапары барысында министр палаталар мен реанимация бөлімшелерін аралап, науқастарға қандай ем-шара тағайындалғанын тексерді. Осы ретте Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы реаниматолог, комбустиолог, травматолог мамандардың қатысуымен пациенттерге медициналық көмек көрсету бойынша консилиум өткізді.