Алматыда 3758 медициналық қызметкерке үстемақы төленді

18.04.2020 00:32

Оның ішінде 498 дәрігер, 1800 орта және 624 кіші медицина қызметкері, сондай-ақ басқа да 836 маманға төлем жүргізілген

Almaty.tv

Алматыда 3758 медициналық қызметкердің еңбекақысына үстемақы төленді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның ішінде 498 дәрігер, 1800 орта және 624 кіші медицина қызметкері, сондай-ақ басқа да 836 маманға төлем жүргізілген. Оған қоса, жедел жәрдем қызметінің 822 көлік жүргізушісіне қосымша ақы берілді. Төлемдердің жалпы сомасы 1 млрд теңгеден асып жығылады. Айта кетейік, коронавируспен ауырып жатқандарды емдеуге ат салысу кезінде инфекция жұқтырған медицина қызметкеріне 2 миллион теңге көлемінде өтемақы төленеді.

Графика

COVID-19-бен күресіп жүрген дәрігерлердің еңбекақысына қосылған үстемақы:

3758 медициналық қызметкерге төлем жүргізілді:

▪ Дәрігер – 498

▪ Орта медицина қызметкері – 1800

▪ Кіші медицина қызметкері – 624

▪ Басқа да қызметкерлер – 836

▪ Жедел жәрдем қызметінің жүргізушісі – 822

Жалпы сомасы – 1 134 800 миллион теңге