Елде коронавирусқа қатысты карантин жариялануы мүмкін бе

10.02.2024 02:22

Бір аптада 150-ге жуық адамнан аталған індет анықталған

Almaty.tv

Қазақстанда коронавирус дерті аяқ асты өршіп кетті. Бір аптаның өзінде 150-ге жуық адамнан аталған індет анықталған. Ауру әсіресе Алматыда көп. Мегаполисте 37 жағдай тіркелсе, Астанада 21 адам ауру жұқтырған. 

Елдегі жағдайға қатысты сауалға  «Алматы» телеарнасының студия қонағы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Айжан Есмағамбетова жауап береді.

– Коронавирусқа қатысты Қазақстандағы ахуал қалай? Қанша адамнан анықталды?

– Қазіргі кезде коронавирус инфекциясы бойынша сырқаттанушылар көбейгенін байқап отырмыз. Осы жылдың басынан бастап 600-ден астам адам ауырды.  

– Маска тағу режимі қанша уақытқа созылады?

– Халық арасында ауа тамшы жолдарымен берілген инфекциялардың эпидемиологиялық жағдайлары тұрақтанғанға дейін бетперде киюді ұсынамыз.

– Елде коронавирусқа қатысты карантин жариялануы мүмкін бе?

– Қазіргі кезде карантинді жариялауға ешқандай себеп жоқ. Карантинді енгізу көрсеткіштері: біріншіден, репродуктивті саны. Екіншіден, 100 мың адамға шаққанда төсек орнын қамту. Барлық өңір жасыл аймақта орналасқан. Сондықтан жасыл аймақта ешқандай шектеу қабылданбайды.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда маска тағу режимі қайта оралды