ҚР Президенті Ләззат Қалтаеваны Сенат депутаты етіп тағайындады

28.01.2022 14:35

7 жасында арбаға таңылған Ләззат Қалтаева мүгедектігі бар жандардың құқығын қорғаумен айналысқан

express-k.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ләззат Молдабекқызы Қалтаева Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ләззат Молдабекқызы – «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы. 7 жасында арбаға таңылған алматылық әрбір қоғам мүшесінің мүмкіндігі тең екенін дәлелдеп жүр. Дәл осындай ұранмен 2 жыл бұрын «Тең қоғам» орталығының негізін салды. Мекемеде өзі сияқты жігері жасымаған 20 қызметкер жұмыс істейді.

«Бүгін біз қаланың азаматтық қоғамы мүгедектігі бар жандардың үлесін бағалай алатынына куә болып отырмыз. Біз еліміздің, қаламыздың дамуына ұдайы өз үлесімізді қосуға дайынбыз», – деді «Шырақ» мүгедектігі бар әйелдер қауымдастығының төрайымы Ләззат Қалтаева.

«Тең қоғам» орталығының ашылуымен бүгінгі кейіпкеріміз көптеген қала тұрғынына жақсылықтың үміт отын жақты. Ондағы қызметкерлер мүгедек жандардың қалыпты өмірге бейімделуіне, қабілетіне қарай жұмысқа орналасуына көмектеседі. Сондай-ақ орталықта заңгер, психолог және тағы да басқа сала мамандары бар.