Бүгін Бас прокурордың кандидатурасы ұсынылады

03.03.2022 15:04

Бұл жайында Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі мәлімет таратты

mail.kz

Бүгін ҚР Бас прокурорының кандидатурасы ұсынылады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жайында Қазақстан Президентінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

Қазақстан Республикасының Бас прокурорын тағайындау тәртібі ҚР «Прокуратура туралы» заңының 36-бабында жазылған.

Осы баптың 1) тармағының 1) тармақшасында:

«Бас прокурорды Парламент Сенатының келiсуiмен Қазақстан Президентi бес жыл мерзiмге тағайындайды», - делінген.

Заңда Бас прокурорды қызметінен ҚР Президентi босататыны, Бас прокурор ҚР Президентiне есеп беретіні де айтылған.

«Қылмыс үстінде ұсталған не ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа кезде өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде Парламент Сенатының келiсімінсіз ұстап алуға, күзетпен ұстауға, үйқамаққа алуға, күштеп әкелуге, сот тәртiбiмен қолданылатын әкiмшiлiк жазалау шараларына, қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды» делінген 36-баптың 1) тармағының 4) тармақшасында.

Аталған баптың 2) тармағы бойынша, Бас прокурордың бiрiншi орынбасары мен орынбасарларын Қазақстан Президентi тағайындайды және босатады.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысының төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысы өтеді.

Мұның алдында бұрынғы Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы лауазымына тағайындалған болатын.