2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында болды
Алматы облысы әкімінің өкімімен Дастан Шалтабаев Алматы облысы энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Дастан Тұрарбекұлы 1973 жылы туған, білімі жоғары. 1995 жылы Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын «Құрылыс бұйымдары мен конструкция өнімдері» мамандығы бойынша, 2012 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Құқық» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1997 жылы Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының жетекші маманы болып бастаған.
Әр жылдары Алматы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бас маманы, сектор меңгерушісі, ҚР бағалы қағаздар жөніндегі комиссиясы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнындағы шаруашылық басқармасының, ҚР Ұлттық банкінің диспетчері, Алматы облыстық білім департаментінің бас маманы, құрылыс басқармасы бастығының орынбасары, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитеті Алматы облыстық департаментінің бас маманы, Жамбыл, Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бастығы, Алматы облыстық құрылыс, сәулет және қалақұрылысы, мемлекеттік сатып алу басқармаларының басшысы, Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласының әкімі, Алматы облысы әкімінің кеңесшісі, Алматы облысын дамыту бойынша «Алатау» акционерлік қоғамы өкілдігінің басшысы, Алматы облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы лауазымында болды.