Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған
Президент Әкімшілігінің және Тараз қалалық мәслихатының келісімі бойынша Жамбыл облысы әкімінің өкімімен Бақытжан Әмірбекұлы Орынбеков Тараз қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бақытжан Орынбеков 1971 жылы туған.
М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобиль және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Ол еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.
Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК-ның бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-да департамент директоры, басқарушы директор – жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор – басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.
Облыс әкімі Нұржан Нұржігітов Тараз қаласының активіне жаңа әкімді таныстырып, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау, шаһардағы қордаланған мәселелерді шешу, дамыту бойынша нақты міндеттер жүктеді.