Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Әмірбек Қанатбекұлы Оспанбеков Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Парламентіндегі Өкілдігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", – делінген Президент қаулысында.
Бұған дейін бұл қызметті Бейбіт Исабаев атқарған болатын. Ол Сенат депутаты болып тағайындалды.