Шолпан Каринова ҚР білім және ғылым бірінші вице-министрі болып тағайындалды

15.09.2021 18:33

2019 жылдың тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымында жұмыс істеді

primeminister.kz

ҚР Үкіметінің қаулысымен Шолпан Каринова Қазақстан Республикасының білім және ғылым бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv Үкімет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шолпан Таңатқызы 1972 жылы 1 қаңтарда Көкшетау облысында туған.

1994 жылы Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау педагогикалық институтын «қазақ мектебіндегі орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2016 жылы — «педагогикалық білім» бағыты бойынша Омбы мемлекеттік педагогикалық университетінде магистратураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 1994 жылы ауыл мектебінің мұғалімі болып бастаған, колледж оқытушысы, мектеп директоры қызметтерін атқарған.

2005–2008 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының білім бөлімінің басшысы.

2009–2012 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары.

2012 жылғы мамырда Петропавл қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары болып тағайындалған, 2013 жылғы шілде мен 2017 жыл аралығында — Солтүстік Қазақстан облысы білім басқармасының басшысы.

2017–2018 жылдары — ҚР Білім және ғылым министрлігінің мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2018-2019 жылдары «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы директорының орынбасары қызметін атқарған.

2019 жылдың тамызынан бастап ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымында жұмыс істеді.