Тиісті құжатқа бүгін Мемлекет басшысы қол қойды
Мемлекет басшысының жарлығымен Құмар Іргебайұлы Ақсақалов Қостанай облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Тиісті құжатқа бүгін Мемлекет басшысы қол қойды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қостанай қаласына барып, Қостанай облысының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының жиналысына қатысты.
Әлихан Смайылов депутаттарға ҚР Президентінің облыс әкімі лауазымына Құмар Ақсақалов пен Аслан Жаныспаевтың кандидатураларын қарауға енгізу туралы хатын оқып берді.
Ашық дауыс беру нәтижесі бойынша 244 депутаттың 192-сі Қ.Ақсақаловтың кандидатурасына, 52 депутат А.Жаныспаевқа дауыс берді.