Екі облыстың сот төрағалары тағайындалды

14.09.2022 19:44
Фото: ашық дереккөзден

Екі облыста сот төрағалары тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтына сілтеме жасап.

Президент Жарлығымен осыған дейін Нұр-Сұлтан қалалық сотының судясы қызметінде болған Жүкенов Арман Серіктайұлы Ақмола облысы бойынша сот төрағасы лауазымына тағайындалды.

Жетісу облыстық сотының төрағасы қызметіне Кененбаев Ержан Әбдірақымұлы тағайындалды. Осы кезеңге дейін Ержан Кененбаев Алматы қалалық сотының судьясы лауазымында еңбек еткен.

Бұған дейін Абай облыстық сотының төрағасы болып Қайрат Чакпантаев тағайындалды. Ол бұрын Шығыс Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болған.