Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды

28.01.2022 20:19

Қарашада өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын

akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Nur Otan партиясының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс енгізді», – делінген ҚР Президенті баспасөз қызметінің Twitter-де жариялаған ақпаратында. 

Партияның кезектен тыс XXI съезінің шешімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бірауыздан Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланды.

Еске салайық, қарашада өткен саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясы төрағасының өкілеттігін беру туралы шешім қабылдаған болатын.