Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмасы уақытында орындалмағаны үшін үкімет қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген Үкіметтің ресми хабарламасында .