Берік Қамалиев ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметінен босатылды

23.04.2022 20:27
primeminister.kz


Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

"Мемлекет басшысының Батыс Қазақстан облысындағы автомобиль жолдарын жөндеуге қатысты тапсырмасы уақытында орындалмағаны үшін үкімет қаулысымен индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев қызметінен босатылды", - делінген Үкіметтің ресми хабарламасында .