Бұған дейін ол "Зерде" холдингінде басқарушы директор қызметін атқарған
Президенттің өкімімен Айнұра Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы хабарлама Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Бұған дейін ол "Зерде" холдингінде басқарушы директор қызметін атқарған.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айнұра Қамидоллақызы Серғазиева Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.