Жаңа маусымда «Almaty» телеарнасында танымдық жанрдағы «Жерұйық» жобасы эфирге шықты.
Еліміздің әр өңірінде көпшілік бара бермейтін ғажайыпқа толы көрікті жер көп. Оны жергілікті халықтың өзі де байқай бермейді.
Бағдарламаның мақсаты – терең тарихы бар, шежірелі өлке қазақ жерін насихаттау.
Әр өңірдің ерекшелігін, өмір салтын көрсететін бағдарламаның алғашқы маусымы - Қазақстанның оңтүстік өлкесіне арналады.
Бағдарламаны 7 қазаннан бастап сенбі сайын сағат 11:00-де «Almaty» теларнасынан қарай аласыздар.