"Алматы" телеарнасының жаңа маусымында көрерменге жол тартқан арнаның төл өнімі – «Мұғалім» сериалы көптің көңілінен шықты. Отбасындағы келіспеушіліктер, өмірлік ұстаным мен тәрбие телехикаяға негіз болған.
Телехикаяның 8-бөлімін youtube арнасы арқылы 40 000 адам тамашалаған.
Өткен аптада ғана үшінші орынды еншілеген "727" фильмі осы аптада көрермен көңілінен шықты. Фильмнің 10-бөлімін осы аптада ғаламтор арқылы 15 000 көрермен көрген.
Қаралым көрсеткіші бойынша өткен аптада екінші орында тұрған "Шырмауық" телехикаясы осы аптада үшінші орынға сырғыды. Туындының 14-сериясы 12 000 қаралым жинаған.
Оқи отырыңыз:«Мұғалім» сериалындағы Азамат Сараға ұнап қалды