Almaty TV жаңа сайтын ұсынды

23.10.2024 12:29

Almaty TV телеарнасы өз веб-сайты мен оның мобильді нұсқасын жаңартты. Жаңа телемаусым аясында интернет-редакция да Digital-жобаларын ұсынды

Жаңғыртылғаннан кейін Almaty.tv бұрынғыдан да ақпараттық әрі ыңғайлы сайтқа айналды. Енді оқырмандар өзіне қажетті ақпаратты жылдамырақ тауып, ең өзекті материалдармен таныса алады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ сайттың техникалық «өзегі» де толығымен қайта жасалды. Заманға сай әзірлеу құралдары мен жаңа серверлік архитектура енгізіліп, парақшалардың жүктелу жылдамдығы т.б артты.

Телеарнаның бас продюсері Ралида Мұқанованың айтуынша, бұған дейін Almaty TV бас студиясы жаңартылды, оның бір ерекшелігі жаңа бейімделген декорациялар болған еді. Мұндай қағида жаңа сайтта да жалғасын тапты.

 «Навигация, сайт құрылымы және дизайн-тұжырымдама жағына да елеулі өзгерістер енді. Біз сайтты қолданушыға барынша оңтайлы етуге тырыстық. Сайт мобильді құрылғылардың барлық түріне бейімделген, оңай әрі ыңғайлы. Сондай-ақ бейімделген дизайн қолданылды. Мәселен, жылдың әр мезгілі өзіндік түс үйлесімімен ерекшеленеді», - деді ол. 

Еске салайық, бұған дейін Almaty TV республикалық мәртебе алып, ребрендинг жасап, бас студиялық павильонын жаңартып, бүкіл хабар тарату тұжырымдамасын түбегейлі өзгерткен болатын. Осы күзде телеарнаның жаңа логотипі, сондай-ақ 25 тележоба ұсынылды.

Соңғы 2 жылда телеаудитория өсімі 70%-ды құрады, сайт қаралымы 5 есеге – жылына 9-дан 45 миллион қолданушыға дейін артты. Сондай-ақ телеарна YouTube аккаунттары үшін «алтын» және екі «күміс» батырмаға ие болды. Коммерциялық табыс 2 есеге көбейді. Мемлекеттік тілдегі өзіндік өнім үлесі 88%-ға дейін ұлғайды.  

Оқи отырыңыз: Almaty TV логотипін өзгертті және жаңа жобалар ұсынды