Құрылысшы мамандығы: Almaty TV-де «Шаһар шырайы» жобасының жаңа шығарылымы

Almaty TV
Almaty TV

Мемлекет басшысы 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Almaty TV телеарнасында Жұмысшы мамандықтары жылына орай «Шаһар шырайы» жобасы жарық көрді. Бағдарлама кейіпкерлері – әр түрлі салада тер төгіп жүрген қарапайым алматылықтар. Яғни, коммуналдық қызметкер, құрылысшы, фельдшер сияқты маңызды мамандық иелері қиындығы да, қызығы да мол мамандықтарының маңызы жайлы баяндап бермек.

Жобаның түпкі түйіні – адал еңбек етіп жүрген жұмысшылардың кәсібилігі мен еңбекқорлығын өзгелерге үлгі етіп, қалың көпшілікке қаламыздың, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып жүрген мамандарды таныстыру.

Жаңа шығарылым кейіпкері – алматылық дәнекерлеуші Қадырбек Ижанов.

«Алматы – жастар қаласы. Мұнда жұмыс істегісі келгендерге, яғни кез келген мамандық иесіне берілетін мүмкіндік те көп. Арамызда мен сияқты дәнекерлеу ісін меңгерген жігіттер аз емес. Бұл - асқан шеберлік пен төзімді талап ететін жұмыс. Өзім қаладағы көптеген құрылыс нысанында еңбек еттім. Көз тартар әсем ғимарат көрсем, ортақ іске өз үлесімді қосқаныма қуанып қаламын. Мен өз жұмысымды жақсы көремін», - дейді ол.    

«Шаһар шырайы» жобасының алғашқы шығарылымының бірінде жас маман Дастан Жақияны көрсеткен болатынбыз. Ол 8 жылдан бері «Алматы Тазалық» коммуналдық кәсіпорнында механизатор болып жұмыс істейді.

«Маған өз жұмысым ұнайды. Сегіз жылдан бері жұмыс істеп, бала-шағамды, отбасымды асырап келемін. Ата-анам адал еңбекпен ғана жетістікке жетуге болады деп үйретті. Техниканы игеру икемділікті, жауапкершілікті талап етеді. Сүйікті ару қала Алматымыздың өркендеуіне, қанат жайып, көркеюіне үлес қосып жүргеніме ризамын», - дейді ол.

Атап өтерлігі, Almaty TV арнасында осы аптада «Made in Almaty», «Алматы көшелері», «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сынды бірқатар жаңа бағдарлама мен жаңалықтар айдарлары эфирге жол тартты. Сонымен қатар алдағы уақытта «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобаларын шығару жоспарда бар.   

Оқи отырыңыз: Made in Almaty: Almaty TV жаңа жоба ұсынады

Новости партнеров