Алматыда жұмыспен қамтылғандардың 85 пайыздан астамы ШОБ саласында жұмыс істейді
Almaty TV кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Made in Almaty» жобасының кезекті шығарылымын ұсынады. Әр шығарылым зауыттан шағын цехқа дейінгі аралықтағы кәсіпорындардың креативті және қарқынды даму жолын назарға алмақ.
Алматы ірі кәсіпкерлік орталығы болып саналады, қалада 400 мыңнан астам кәсіпорын шоғырланған. Табысты және серпінді дамып келе жатқан компаниялардың бірі – ыдыс жууға арналған сұйықтық, сусабындар және сұйық сабын сияқты тұрмыстық және медициналық химикаттар шығаратын зауыт.
Мұнда тәулігіне 175 атаудан тұратын 40 тонна өнім шығарылады. Кәсіпорынның негізгі ерекшелігінің бірі – әр кезеңде жоғары сапаны бақылауға мүмкіндік беретін толық өндірістік циклі.
«Біз сұйық және гельді кір жуғыштың жаңа желісін шығардық, сонымен қатар балаларға арналған өнімдер сериясын енгіздік. 2024 жылдың соңында ассортимент ыдыс-аяқ гельдерімен, балалар ыдысын жууға арналған жуғыш құралдармен, сұйық сабын және сусабындармен толықтырылды.
Біз жоғары сапалы және қауіпсіз өнімдермен тұрғындарды қуанту үшін, дамуды жалғастырамыз», - деді компания басшысы Максим Яскель.
Айта кетейік, Алматыда жұмыспен қамтылғандардың 85 пайыздан астамы ШОБ саласында жұмыс істейді. Тек өткен жылы қала билігі шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлді.
Биыл 2 мыңға жуық кәсіпкерді қолдау мақсатында 70 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарлануда.
Almaty TV-де «Алматы көшелері», «Made in Almaty», «Экономика жаңалығы» және «Қала тынысы» сияқты бірқатар жаңа бағдарламалар жарық көрді. Жуырда «Алматы аудандары» және «Кері байланыс» жобалары көрерменге жол тартады.
Оқи отырыңыз: Made in Almaty: Almaty TV жаңа жоба ұсынады