Ел үкіметі тиісті қаулы қабылдады
Қазақстанда педагогтардың кәсіби мерекесі – Мұғалімдер күні енді 5 қазанда аталып өтіледі. Ел үкіметі тиісті қаулы қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Үкіметтің баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік мерекелер тізіміне сәйкес, республикада мұғалімдер күні осы уақытқа дейін қазан айының бірінші жексенбісінде тойланып келді. Енді бұл мереке 5 қазанда әлемнің 100-ден астам елі атап өтетін Дүниежүзілік мұғалімдер күнімен сәйкестендірілді.
Мұғалімдер күні – білім беру саласындағы қызметкерлердің барлығына ортақ кәсіби мереке. Бұл күні ұстаздар қауымының қоғам дамуындағы рөлі мен еңбегі, оған қосатын зор үлесі аталып өтіледі.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 556 мың педагог еңбек етеді.