Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады
ҰБТ басталғаннан бері 40 мыңнан астам талапкер тест тапсырды. Талапкерлердің 70 пайызы қазақ тілінде, 30 пайызы орыс тілінде, 50 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі informburo.kz-ке сілтеме жасап.
Шекті балды 76 пайызға жуық талапкер жинаған. Орташа балл – 68, ең жоғары балл – 137.
"Негізгі ҰБТ-ның бірінші аптасы аяқталды. Тестілеу 5 шілдеге дейін өтеді. Тестілеуге қатысуға екі мүмкіндікті есепке алғанда 305 мыңға жуық өтініш келіп түсті. Қазіргі таңда тестіленушілердің басым бөлігі, атап айтқанда, 20 пайызы "математика-физика" пәндер комбинациясын тапсырды. 14 пайызы "биология-химия" комбинациясын таңдаған. "Химия-физика" комбинациясын 50 адам тапсырған", – деді ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.