Бір баланы балабақшада тәрбиелеу құны айына 27502 теңге болды
Алматы әкімдігі мектепке дейінгі білім беру орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу құнын белгіледі. Бұл қаулы «Вечерний Алматы» басылымында жарияланды.
Құжатқа сәйкес, бір баланы балабақшада тәрбиелеу құны айына 27502 теңге болды.
Ата-аналар осы соманың 18500 теңгесін төлеуге міндеттеледі. Білім беру тапсырысы әр аудандағы балабақшаларға орналастырылды.