Қашықтан білім беру кезінде практикалық танысу және ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады
Бүгін Алматыда, Алматының білім беру саласының қызметкерлерінің қатысуымен «Алматының білім беру болашағы: жаңа кезеңдегі перспективалық шешімдер» атты өткен форумы алаңында, сараптамалық телемарафонда қашықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Төртінші тоқсандағы жасалған жұмыстарға қарап, қашықтан оқыту еліміздегі білім беру жүйесін жетілдірудің негізгі факторларының бірі екенін түсіндік. Біз бірқатар артықшылықтарды, жағымды сәттерді сезіндік. Қашықтық – қашықтан оқытуға кедергі емес. Сіз оқу материалдарын ала аласыз және аяқталған тапсырмаларды әлемнің кез-келген нүктесінен тексеруге жібере аласыз. Ақпарат алу қолжетімді болды», – деп бөлісті №133 жалпы білім беретін мектептің директоры Нұрлан Адамов.
Оның айтуынша, Қашықтан оқытудың тағы бір артықшылығы-технологиялылық. Қашықтан білім беру кезінде практикалық танысу және ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау дағдылары қалыптасады.
«Біз тез арада барлық ұжымды жинай алатынмызға, ата-аналармен тез байланысқа шығып, оқушыларымызбен сынып сағаттарын өткізу жолында жылдам болғанымызға қуаныштымыз. Қашықтан оқытуды беретін маңызды сәт-біз өзімізге еліміздің танымал адамдарын, сондай-ақ шетелдік сарапшыларды сабаққа шақыра аламыз. Қашықтан оқыту – халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Менің ойымша, қашықтан оқыту біздің мүмкіндіктерімізді кеңейтті және бүгінгі күннің қажеттілігіне айналды», – деп толықтырды ол.
Естеріңізге сала кетейік, пандемия жағдайында қала тұрғындарының өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Бұл ретте Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен, сапалы білім беру процесі үшін платформалар дамуда. Бұл – қашықтан білім беру үшін жалпықалалық онлайн-платформа құру және жаңа цифрлық контентпен қамтамасыз ету.