25 жылда 13 мыңнан астам қазақ азаматы «Болашақпен» шетелде білім алған
Биыл 188 қазақстандық «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері атанды. Бұл жөнінде Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысында айтылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, отырыста магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша шет елдердегі жоғары оқу орындарында оқуы үшін 188 жас қазақстандыққа «Болашақ» стипендиясы тағайындалған. «Болашақ» бағдарламасы бойынша тегін білім грантын жеңіп алуға өтініш биылғы жылдың 25-ақпанында басталып, 69 мамандық бойынша стипендия бөлінді.
Айта кетейік, соңғы 25 жылда 13 мыңнан астам қазақ елінің азаматтары «Болашақ» бойынша шетелде білім алды.