Мұғалімдер де арнайы аттестациядан өту кезінде «шпаргалкалар» пайдаланған
Ұлттық тестілеу орталығының басшысы Дидар Смағұлов Фэйсбук әлеуметтік желісінде педагогтердің өрескел қателігін айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Оның айтуынша, мұғалімдер де арнайы аттестациядан өту кезінде «шпаргалкалар» пайдаланған.
«Біз қадірлі педагогтерімізге асқан құрметпен қарап, олардың жұмысын бағалаймыз. Міне, сондықтан да ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырмасы негізінде Ұлттық біліктілік тестілеудің қатысушыларында тыйым салынған заттардың (смартфондардың, шпаргалкалардың және басқа да құрылғылардың) бар-жоғы тексерілмейтін.
Өкінішке қарай, кейбір әріптестеріміз біздің көрсеткен құрметімізді әлсіздікке теңеп, тыйым салынған заттарды жаппай қолдана бастады. Егер 2020 жылы Ережені бұзған 1202 мұғалім анықталса, 2021 жылдың 19 күнінде ғана бұл көрсеткіш 349-ға дейін өсті.
Сонымен қатар, микроқұлаққаптар мен микрофондарды қолданудың жаппай фактілері анықталды, негізінен олардың таралымы шектеулі және пайдалануы үшін қылмыстық бап қарастырылған.
Осы фактілерді ескеріп, бүгін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің аппараттық жиналысында Ұлттық біліктілік тестілеуді тапсыру кезінде мұғалімдерді тексеруді енгізу қажеттігін айттым. Сене отыра, тексерісті де ұмытпау әдісі әлдеқайда жақсы жұмыс істейді», – деді.
Бұл жазбаның астына педагогтер әріптестерінің бұл әрекетіне шамданса, енді бірі керісінше қолдады.
«Сұрақтар қисынды болса, мұғалімдер қиналмас еді. Мәселе сонда, кейбір сұрақтар ақылға қонымсыз болып келеді. Ол туралы ұстаздар көп айтады», десе,
«Тестке дұрыс дайындалса өтеді екен, дайындық жасадым, шындап кірістім, шүкір өттім. Мынау енді ұят нәрсе, қанша адам отыр ол жерде, баланың тірлігі ғой»,– деді педагог.
«Жасы 60 келген мұғалімдерде есте сақтау қабілеті азайады сондықтан үлкен жастағы мұғалімдерді тестке жібермеу керек. Неге мұғалім деген ұлы атты даттай бересіздер. Осының бәрі өтірік»,– деп жауап жазды Facebook оқырманы.
«Осы тестілеуден өте алмаған мұғалімдерді не істейсіздер? Меніңше автоматты түрде жұмыстан босату керек. Егер өз мамандығын игере алмаған болса, онда ол мұғалім қалайша оқушыға сабақ береді?»
«Дайындалсаң өтесің бірақ уақыт керек әйел адамға ауыр үй тірлігі бұрынғыдай студент емеспіз. Отырып алып дайындала беретін», сынды басқа да пікірлер қалдырғандар да бар.