Білім деңгейін тек бір ғана тетік арқылы бағалау әділетсіз. Бұл жерде кешенді көзқарас қажет
ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов ҰБТ нәтижелері бойынша мектеп рейтингтері мәселесіне тоқталды: «Ондай рейтинг керек емес. Себебі ол мектеп дайындығының шынайы деңгейін көрсетпейді», деп хабарлайды Zakon.kz.
«Мен бүгін үкімет отырысында сөз сөйледім, облыстар мен қала әкімдерінен ҰБТ қорытындысы бойынша рейтинг жүргізбеуін сұрадым. Біздің ойымызша, ондай рейтинг керек емес. Екіншіден, ол мектеп дайындығының шынайы деңгейінкөрсетпейді», - деді министр үкіметтегі баспасөз жиынында.
Бұрын ҰБТ-ның екі функциясы болатын – қорытынды аттестациялау және жоғарғы оқу орнына оқуға түсудің жолы ретінде жүретін. Ал қазір ҰБТ-ға тек ЖОО-ға оқуға түскісі келетіндер ғана өз еркімен қатысады.
«Сондықтан оқушылардың жоғары оқу орындарына түсу нәтижесі бойынша рейтинг жүргізіп, мектептерді бағалаудың қажеті жоқ деп ойлаймын. Мектеп оқушыларының үлгерімін сырттай бақылайтын басқа да тетіктер бар. Жалпы, мектептердегі рейтинг ұғымы – өте күрделі үрдіс. Білім деңгейін тек бір ғана тетік арқылы бағалау әділетсіз. Бұл жерде кешенді көзқарас қажет»,
– деп санайды БҒМ басшысы.