Үйінде интернеті жоқ алматылық мұғалімдер онлайн сабақты мектепте өткізе алады

Российская газета
Российская газета
Үкіметтің резерв қоры есебінен 38 591 компьютер техникасы алынды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үйінде интернеті жоқ алматылық мұғалімдер онлайн сабақты барлық санитарлық талапты сақтай отырып, мектепте өткізе алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Қазақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы қалалық Білім басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева онлайн брифинг барысында жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді. Оның айтуынша, 1 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқу форматында білім алады. Сондықтан оқушыларды техникамен қамтуға көңіл бөлуде.

«Бұл мәселені шешу үшін мектептер жан басына қаржыландыру есебінен 9 120 ноутбукпен қамтамасыз етіледі. Сондай– ақ,мектептердегі 10 мың ноутбук уақытша пайдалануға берілді. Жергілікті бюджет есебінен 11 042, Үкіметтің резерв қоры есебінен 38 591 компьютер техникасы алынды. Оның ішінде 4 016 компьютер, 5 203 планшет және 29 372 ноутбук бар. 22 212 планшет жергілікті бюджет есебінен алынды», – деп атап өтті Ләззат Жылқыбаева.

Новости партнеров