Алматыда оқушылар мен колледж студенттері арасында пікірсайыс турнирі өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара «Алматы мектептері» жобасы аясында ұйымдастырылған. Ондағы мақсат – жастардың ойлау дағдыларын қалыптастырып, ақпаратты дұрыс талдауға және командамен бірлесіп жұмыс істеуге баулу. Байқау қатысушылары турнир соңында арнайы дипломмен марапатталды.
– Мектепте жастардың бойында патриоттық сезім ұялатып, өскелең ұрпақты Отанды қастерлеуге тәрбиелейтін іс-шара өтті. Пікірсайыс Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған. Қатысушылардың көрсеткен нәтижесі де көпшіліктің көңілінен шықты, – деді №117 Жалпы білім беретін мектептің директоры Гүлдана Самалықова.
Оқи отырыңыз: Ташкенттегі үздік балабақшада тәжірибеден кімдер өтеді