Конференцияға Түркияның ғалымдары онлайн қатысты
«Әдеби сана ағыны: сын және мәтін». Алматыда осындай атаумен халықаралық ғылыми конференция өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.
Ғалымдар, сала мамандары бас қосқан жиында қазақ поэзиясының мәні, құрылымы, жаңашылдығы және дамуы сөз болды. Конференцияға Түркияның және Астана қаласының тіл білімі ұстаздары онлайн қатысып, баяндама оқыды. Халықаралық жиын филология ғылымдарының докторы, профессор Сәуле Ержанованың 50 жасқа толуына орай ұйымдастырылып отыр.
«Қазақ поэзиясы қай бағытта кетіп бара жатыр? Қандай табыстарға қол жеткіздік? Әлі де алынбаған асуымыз бар ма? Сол секілді қазіргі қазақ поэзиясындағы үлкен трендтік парадигмаларға арналған ғылыми конференция болды», – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Қансейіт Әбдезұлы.