БҒМ өкілдері нөлдік сынып туралы жағдайды түсіндірді

19.02.2019 20:28

2020 жылы нөлдік сыныптар еліміздің барлық балабақшасы мен мектебінде ашылады

ҚР Білім және ғылым минстрлігінің өкілдері нөлдік сыныптың енгізілуі жайлы жоспармен бөлісті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Мақсатымыз - балаларды бірінші сыныпқа бірегей бағдарлама бойынша дайындау. Оның ішінде оқу бағдарламасына (әліппе, сандар) мектепке дейінгі дайындық бағдарламасына енгізу. Нөлдік сыныпқа бірыңғай оқулықтар енгізіледі. Олардың оқытушыларын бастауыш сынып оқытушыларының дәрежесіне жеткізу керек», – деді ведомствоның баспасөз қызметінің өкілдері.

Нөлдік сыныпқа бірыңғай бағдарлама мен оқулықтар енгізу 2020 жылдың қыркүйек айына жоспарланып жатыр.

«Нөлдік сыныпты қазірге кезде балабақшада арнайы даярлайты топтар арқылы да оқытады. Егер мектептер өз ғимаратында нөлдік сынып аша алатындай мүмкіндіктері болса, олардың ашуға толық құқықтары бар. Балабақшада нөлдік сынып енгізуді ешкім тыйым салған жоқ. Сондықтан 2020 жылы нөлдік сыныптар еліміздің барлық балабақша мен мектебінде ашылады», – деді ҚР Білім және ғылым минстрлігінің өкілдері.  

Қазіргі білім беру заңында алты жастағы баланың бірінші сыныпқа баруы керектігі туралы норма бар. Министрлік өкіледерінің мәліметінше, бұл норма өзгереді.

«2019 жылы былтырғыдай 1 қыркүйекте алты жасқа толған балаларға мектепке баруға болады. Ал 1 қыркүйекте алты жасқа толмаған балаларды ата-аналардың қалауы бойынша мектепке немесе балабақшаға жібере алады. 7 жасар балалар да бірінші сыныпқа қабылданады. Бірақ егер де балалар мектеп алдындағы дайындықты балабақшада өтіп қойса, онда олар бағдарламаны қайтадан өтпес үшін мектепке баруы керек», – деді ведомство өкілдері.