Ұстаздар жаңа білім беру бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады
Биыл кемінде 70 мың педагог жаңа білім беру бағдарламалары бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтеді. Біл туралы ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
Маңғыстау, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында мектеп оқушыларының білім сапасын арттыру мақсатында осы өңірлерге педагогтерді тарту үшін арнайы бағдарлама іске асырылады.
"Оларға айтарлықтай әлеуметтік қолдау көрсетіледі (жоғары жалақы коэффиценті, баспана жалдау және коммуналдық төлемдер шығындарын өтеу). Бұл шаралар аталған аймақтарда білім беру сапасы бойынша үлкен алшақтықты азайтуға бағытталған", – деді ҚР Білім және ғылым бірінші вице-министрі.