Жергілікті бюджетте 19 млрд теңге қарастырылған
Жыл сайын Алматы халқы 70 мың адамға өседі, бұл әлеуметтік саладағы сапалы қызметтерге сұранысты күшейтеді. Жаңа оқу жылында мемлекеттік және жекеменшік мектептерге 34 300-ден астам бала қабылданды. Соның нәтижесінде қаладағы бірінші сыныптарға балалардың таза ағыны 12 мың оқушыны құрады. Мұндай мәліметтерді мегаполис әкімі Ерболат Досаев білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесінде айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.
- Мектеп тапшылығы проблемасын түбегейлі шешу "Жайлы мектеп" ұлттық жобасын тиімді іске асыру, оның аясында 2025 жылға дейін Алматы қаласында 37,1 мың орындық 22 мектеп іске қосылады. Инфрақұрылым салу және жер учаскелерін кеңейту үшін жергілікті бюджетте 19 млрд теңге қарастырылған, - деді Алматы әкімі.
Бұған дейін Алматы әкімдігінің жобалық кеңсесі хабарлағандай, жаңа форматтағы мектептердің басым бөлігі Алатау және Наурызбай аудандарында салынады -5 оқу орны. Бостандық ауданында – 4 мектеп, Түрксіб ауданында – 3, Әуезов ауданында – 2 мектеп, қалған аудандарда- бір мектептен салу жоспарлануда. Мектептер білім ұяларының тапшылығы байқалатын жерлерде салынуда.
Оқи отырыңыз: Мектепке жол: Алматыдағы Медеу ауданында қайырымдылық акциясы басталды