Алматыда филология ғылымдарының докторы, академик Нұржамал Оралбайқызының 95 жылдығына орай профессордың есіміне берілген дәрісхана ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Іс-шара аясында республикалық деңгейде дөңгелек үстел өтті. Көрнекті ғалымның құрметіне ұйымдастырылған басқосуға Ұлттық ғылым академиясының академиктері, профессорлар қатысып, баяндама жасады. Игі іс-шараның өтуіне Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті мен Тіл ғылымы зерттеуін үйлестіру орталығы мұрындық болды.
– Ғалымды, ғылымды бағалауды Абай атындағы университет көрсетіп отыр. Бүгінгі кездесу филология ғылымдарының докторы Нұржамал Оралбаеваға арналып отыр, – деді филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Салқынбай.
Нұржамал Оралбайқызы Ұлттық педагогикалық университетте проректор, қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі болып, өмірінің соңына дейін профессор қызметін атқарған. Сондай-ақ еңбек сіңірген ғылым қайраткері – 300-ден астам ғылыми мақала, 20-ға жуық оқулық пен монографиялық еңбектің авторы.
Оқи отырыңыз: Кітапханаға кітап сыйла: Алматыда Әлібек Асқаровпен кездесу өтті