Мерейтой құрметіне арнайы халықаралық семинар да ұйымдастырылды
Тұңғыш рет еліміздің талантты жастары Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өнер көрсетті деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Оқушылардың опера майталмандарымен сахнаға бірге шығуына мүмкіндік туғызған Қазақстандық ұлттық ЮНЕСКО клубтарының федерациясы. Осылайша мекеме өздерінің 10 жылдық еңбегін қорытындылады.
Айта кетейік, бұл мерейтой құрметіне арнайы халықаралық семинар да ұйымдастырылды. Онда әлемнің әр түкпірінен келген 150 сарапшы білім, ғылым және мәдениет саласындағы тәжірибе алмасты.
«Бүгінгі таңда ЮНЕСКО-ның басты мақсаты – жастарды білім, ғылым мен мәдениетке баулып, сол арқылы тәрбие беру. Бұл төзімділік, шыдамдылық, тәуелсіздік идеясы, мейірімділік секілді қарапайым қағидалардан тұрады. Сондықтан, бұл семинар ортақ позиция қалыптастыруға бағытталған», – деді ЮНЕСКО клубтарының Қазақ Ұлттық Федерациясының президенті Болат Ақшолақов.