Ғылыми тілді дамытудың тың тетіктері: Алматыда ғалымдар бас қосты

Almaty.tv
Almaty.tv
Конференция 2 күнге жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ғылыми тілді дамытудың тың тетіктері. Алматыда өткен ғылыми-әдістемелік конференцияда бұдан өзге, денсаулық саласындағы құжаттарды мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Іс-шараға министрлік өкілдері мен ұйым басшылары, тіл мамандары мен ғалымдар қатысты. Жиын тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту аясында ұйымдастырылып отыр.

– Әр тілдің өзінің иммунитеті бар. Шетелдік сөздер енген кезде  медицинаға қазақтың тілінің иммунитетін қолдана отырып, бейімдеуіміз керек. Бұл жағдай конференцияның жиі болып тұруын қажет етеді, – деді №29 емхананың бас дәрігері Ақмира Садықова.

Қазақ тілін ғылыми тілде қолдану үшін алдымен терминологиялық база қалыптастыру қажет. Мамандардың айтуынша, медицинаны жіті зерттеп, түсінікті, тілге жатық сөздерді бекіту маңызды. Конференция 2 күнге жалғасады.

– Іс жүргізу кадрдан басталады ғой. Сондықтан бүгінгі біздің бірлескен іс-шарамыз медициналық құжаттаманы мемлекеттік тілде жүргізу. Оның ішінде медициналық ақпараттық жүйелердегі медициналық нысандар бар. Ол №175 бұйырыққа сай жүргізіледі. Солардың мемлекеттік тілде әзірленуін барлық маманға таныстырамыз, – деді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басқарма басшысы Айжан Алдоңғарова.

Оқи отырыңыз: Алматы қаласы бойынша 3-9 шілде аралығындағы ауа райы болжамы

Новости партнеров