Қазақ әдебиетін оқыту мәселелері: Алматыда республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Босқосудағы мақсат – қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларын талқылап, шешімін табу
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда «Орта мектепте қазақ әдебиетін оқыту мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Ұлттық кітапханада болған басқосуды Qazaq tili халықаралық академиясы мен Мемлекеттік тілді дамыту институты ұйымдастырды. Басқосудағы мақсат – қазақ әдебиеті пәні бойынша жаңартылған оқу бағдарламаларын талқылап, шешімін табу, оқу мақсатын бір жүйеге келтіру.

– Мәселе өте өзекті. Бағдарламаның авторлары және оқулық авторы, мектептің мұғалімі, әдіскер біріге отырып мәселенің шешімін табады. Нүктесі қойылуы керек. Бағдарлама жаман емес, бірақ жаңартылуы керке. Түзету енгізілуі керек. Сондықтан бұл мәселенің сәтті, нәтижелі болғанын қалаймыз, – деді филология ғылымдарының кандидаты Баян Керімбекова.

Оқи отырыңыз: Ерболат Досаев мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын тексерді

Новости партнеров