Алматыдағы оқу орындарының бірінде халықаралық орталық ашылды

01.12.2023 00:42

Мемлекет басшысы Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асырудың маңызын атап өткен еді

Almaty.tv

Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжі базасында халықаралық құзірет орталығы ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Жаңа білім беру мекемесін шетелдік құрылыс компаниясы қолдап отыр. Ондағы басты міндет – студенттерге инновациялық технологияларды қолдану дағдысын үйрету. Компания басшысы «Білім беру саласындағы бұл ынтымақтастық колледж түлектерінің біліктігін арттыруға мүмкіндік береді» дейді.

– Бұл – Қазақстанда ашылған екінші оқу орталығы. Себебі 2 ірі зауыт салынады. Оқу барысында студенттерге заманауи әрі тиімді материалдармен жұмыс істеуді үйреткіміз келеді, – деді компания басшысы Евгений Войлов.

Алматыда 2025 жылға дейін техникалық және технологиялық мемлекеттік колледждер базасында 18 құзырет орталығын ашу жоспарланған.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Тегін техникалық және кәсіптік білім беру» жобасын іске асырудың маңызын атап өткен еді.

– Бұл орталық тек осы колледждің студенттеріне ғана арналмаған, Алматының құрылыс саласында жұмыс істейтін мамандарды дайындауға дайынбыз. Осы жердегі барлық заттарды, құрылыс материалдарын компания өзі әкеледі, балаларды үйретеді, – деді Алматы құрылыс және халық кәсіпшілігі колледжі директоры Қамал Жамангөзов.

Оқи отырыңыз: Мектепте оқушылардың телефон ұстауы шектелуі мүмкін