«Мектепке жол» акциясының аясында халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан 260 бала материалдық көмек алды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олар – қаланың 7 ауданындағы 30-дан астам мектепте білім алушылар. Жаңа оқу жылының қарсаңында оқушыларға сөмке мен кеңсе тауарлары берілді.
Айта кетейік, аталған акция жыл сайын ұйымдастырылады.
«Мақсатымыз - балаларымызға тек қолына сөмке беріп, оларға көмектесу ғана емес, оларға үлгі болатындай, қайырымды жұмысқа үйрету», – деді Қазақстан ұйғырлары этномәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдулхалил.
Оқи отырыңыз: Қызылорда облысында екі жаңа нысан қолданысқа берілді